Семіздік еркектердің басты дерті болып тұр

387
Дәрігер кеңес берді

Алматылық 5 профессор оңтүстікқазақстандық еркектерді тексеріп, дәрігер-урологтар өз кеңестерін берді. Ашық есік күні ер азаматтар денсаулығынан ақауларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Екі күн ішінде 200 азамат арнайы тексеруден өтті. Дәрігерлердің айтуынша, ауылдық жерлердегі ерлер өз денсаулықтарына қатты алаңдайды екен.

 

Әрбір тексерушілердің қан қысымы өлшеніп, құрамы сараптамадан өтіп жатты. Оларға кордиолог, уролог, андролог, эндокринолог, сексопотолог кеңес берді.

 

Дәрігерлер тексерген оңтүстіктің ер азаматтары түрлі жұқпалы аурулармен және қан айналымдарының бұзылуымен, сондай-ақ қан қысымдарының жоғарлығымен көптеп ауырады екен. Әсіресе әлсіздік басым. Ең сорақысы олар семіздік дертіне шалдығуы мүмкін деген тұжырым жасады. Тексерілуге келген еркектердің тек қана 5 пайызының дені сау екен.