Шымкент қаласында жаңа қала салынады

275

2012 жылдың  наурыз айынан бастап Шымкент қаласындағы  жаңа қала бой көтеретін 500 гектер алқапқа инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы басталады деген жоспар бар. Ол үшін Республикалық бюджеттен 5 млрд теңге қаражат бөлінеді.

Бүгінгі таңда жергілікті басшылар Жаңа қала салынатын орындарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалалық сәулет құрылыс болімінің берген ресіми емес мәліметі бойынша  жаңа қала бой көтереді деген үш бағыт бар. Алғашқысы Бозарық елді мекеніне қарай «Асар» шағын ауданының оң жақ беті. Келесісі Арғымбеков және Адырбеков көшелерінің қилысындағы ашық дала. Үшінші жоба Фосфор зауыты бағытындағы Лесхоз ауылының жоғарғы жағы. Үкіміт қай жобаның құпталғандығы әлі белгісіз.

Сәулетшілердің мәлімдеуінше, Жаңа қалада әкімшілік бизнес орталықтары, агро колледж, медециналық корпустар орналасады. Екі қабатты он қабатқа дейін үйлер салынады.