Шымкент оқушылары Франция елін бағындырды

Байқау жайында айтуда

Қаламыздағы №8-ші үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясының білімді оқушылары Париж қаласында өткен байқаудан оралды.

Мектептің 28 дарынды баласы мен үш мұғалім және мектеп директоры Париж қаласында орналасақан «Канкорд» академиясы жанында құрылған «Фиджип Евро» шығармашылық мектебіне байқауға барыпты.  Дарынды балалар бұл байқауда өз білімдерін көрсетіп, ғылыми жұмыстарын жоғары денгейде қорғады. Ерекше ықыласқа бөленіп, мақтау қағаздарын алып қайтты. Бұл асоцияциясының директоры Томский Григорий -физика математика ғылымдарының прфессоры.

Дарынды балаларға қол ұшын беруге қашанда дайын тұратын Томский мырзамен  біз келісім шартқа тұрдық дейді №8-ші гимназиясының директоры Шолпан Асылбекқызы.

Франция елінде өткен бұл байқауға балаларға қаржылық жағынан демеушілік көрсеткен ата-анасы екен.