Ақтық сында ОҚ-дық екі боксшы ептілігін байқатты. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның былғары қолғап шеберлерінен басым түсе білген жерлестеріміз енді бас жүлденің өзара сарапқа салды. Көк бұрыштағы боксшы Нұрлан Абзалов қарсыласынан мықты екенін алғашқы минуттан-ақ көрсете біліп, нәтижесінде жеңіске жетті.
Үш елдің 150 былғары қолғап шебері Шымкенттік рингте ептілік танытуға тырысты.Нәтижесінде жерлестеріміз мықты екенін дәлелдей біліп, 3 алтын медальға ие болды. Бүкілкомандалық сынақта оңтүстіктің боксшылары екінші орында болды.
Қаракөз Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир Шым қалада осымен 32-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарыс көптеген жас боксшылар үшін кәсіби спортқа алғашқы баспалдақ деуге де болады. Кезінде Василий Жиров, Бекзат Саттарханов сынды ел мақтаныштары осы рингтің төрінде сынға түскен.
Жерлестеріміздің алдында кезекті дода күтіп тұр. Ол Олимпиадалық жарысқа жолдама үшін таласқа түсу.