«Жан» дуэтінің шығармашылық кеші

Әннен шашу шашты

Қараша айының 17- жұлдызы күні, Шымкент қаласындағы опера және балет театрында  «Жан» дуэтінің алғашқы жеке шығармашылық кеші өтті. Аталған кеште топтың жаңа «Арулар» атты үнтаспалары алғаш рет халыққа таныстырылды.

«Бұл біздің көптен күткен арманымыз орындалды- дейді топтың мүшесі Ерман.

Аталған кешке өнердегі замандастарын қолдау мақсатында жергілікіті өнер жұлдыздары – Арман, Құрманай Бақтиярқызымен бірге Самат пен Назгүл де келіпті. Олар жас әншілерге алдағы уақытта сәттілік тілеп, өнерлерінің шыңдауына шын жүректен тілектес екендерін жеткізді.

«Жан» дуэтінің ендігі мақсаты – әсем әндерінің санын көбейтіп, өз тындармандарының қатарын толықтыру.