Биылғы жылу маусымындағы күрделіліктер. Маусымның басталуы неліктен кеш басталды? Жылу берілген үйлерде неліктен осы күнге дейін жылу мардымсыз. Неге электр жарығы жиі өшірілуде. Табиғи газбен қамтамассыз етудегі туындаған проблемалар. Қазандықтардың істен шығуына не себеп болған. Бұл мәселелер қала әкімінің БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында әңгіме арқауы болды.
Әкімнің мәліметіне жүгінсек, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 85 пайызы жылумен қамтамассыз етілген.Алайда жүйеде ақаулардың орын алып жатқанын жасырмады.
Жылу маусымы Шымкентте басталды дегеннен бастап электр жарығынан шектеулер орын алып, жарық жиі өшіріле бастайды. Былтыр да солай болған, биыл да осы жағдай қайталануда.Оның себептерін монополистер былай түсіндіруде
— Александр МОКИН, «КЕГОК» АҚ филиалының өкілі
33 Электр қуатын тұтыну қысқы мерзімде күрт артатады. Салдарынан тұрақтылықты сақтау мақсатында желіде жарық автоматты түрде сөндіріледі.3-Энергорталығы жоспар бойынша қарашада 130 мгвт энергия өндіруі тиіс болатын. Алайда нақты 57 мгвт өндірілуде . Екіншіден Жамбыл ГРЭС-і іске қосылып- 350-360 мгвт. -электр қуатын өндіруі қажет болатын. Алайда 1-ші қарашада жұмыс істей бастаған гидростанция газ тапшылығынан салдарынан тоқтап тұр.
Қарашаның 9-на электр жарығының өшуіне байланысты к-24.к-54, Нұрсат шағынаудандарындағы насос стансалары өшірілген. Салдарынан 27 ақау орын алып, жылу жүйесінде ауа пайда болғанына тоқталған әкім тұтынушыларды жылуға қайта қосу жұмыстары кешеден бері жүргізілуде дейді.