Қар тазалау қиын емес

301

Шымкентте  таңертең қоғамдық көліктер дер кезінде бағытқа шықты. Кешігу тіркелген жоқ дейді жолаушыларды тасымалдаушы мамандар. Ал жалпы автобустардың жетіспеушілігі әлі бар.

Ал қала көшелерін қардан тазартып құм және тұз себу жұмысына түнгі сағат 2.00 ден бастап кіріскен «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары 57 көшені қамтып үлгеріпті. Ал еріген қарды сыпыру жұмысына бүгін таңғы сағат 10.00 ден бастап 16 техника мен екі трактор жұмылдырылған.

Жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен аялдамалардағы қарды күреуге мекеменің 300 жұмысшысының 250-і тартылған.