Тұрғындар учаскелік полицейге көмектесе алады

Шымкенттің 12-шағынауданының тұрғындарымен кездесуге бірнеше мәселе себеп болған: аудандағы уй аулалары, тегін автотұрақтардың көбеюі, пәтер жалдаушылар мен қылмыстық іс-әрекеттердің санының артуы және учаскелік тексерушілердің жұмысы. Кездесу барысында аудандық әкімшіліктің тәлімгері де қатысты.

Автокөліктерден заттардың ұрлануы, түнде үй аулаларында болатын тәртіпсіздіктер үйреншікті жағдайға айналған. Полиция қызметкерлерінің сан рет айтқан ескертпелеріне құлақ асуды қойған темір тұлпар иелері көліктеріне жайбарақат қарауының салдарынан ұрылардың жеміне айналып жатады. Онымен қоймай көліктерін балалар алаңашасына қойып, бүлдіршіндердің емін-еркін, алаңсыз ойнауына кедергі жасауда.

Осындай келеңсіздіктерден кейін жиектер мен арықтардың арнасы құртылып, ирригациялық жүйелерге зақым келеді. 12-шағынауданының учасекелік инспекторы Бауыржан Асылбеков бұл мәселені қиындықсыз шешті. Ол үй ауласына көліктерін қоятын жүргізушілер бұзатын әкімшілік баптар көрсетілген нұсқаулық жазды.

Айыппұлдың мөлшері жазылған құжатты қолхат ала отырып, әр жүргізушіге таратады. Осыдан соң қожайындар амалсыздан ақылы автотұрақтарға  көліктерін қоятын болады. Бұл әрине айыпұл төлегеннен артық. Тексерушілер осылай істің оң нәтиже беретініне сенімді.

Қала тұрғындары пәтер жалдап тұрушылардың да көп  қиындық туғызып жатқандығын айтты. Қабырғаның ар жағында кімнің тұратынын білмейміз, олар көбіне коммуналдық мәселелердің шиеленісуіне ықпал етеді,- деп шағымданды.

Тексеруші жақын уақытта барлық пәтер жалдап тұрушылардың құжаттарын тескеріп, бір мәмлеге келетініне уәде берді. Сондай-ақ, Еңбекші аудандық полиция бөліміндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы алдағы уақытта ауданда 8 бақылау бейнекамерасы орнатылатынын жеткізді. Осындай әдіспен полиция қызметкерлері қылмыскерлердің ізін кеспек.