Úı Jańalyqtar Үй кітапшасы электронды жүйеге ауыспақ

Үй кітапшасы электронды жүйеге ауыспақ

халыққа қызмет көрсету орталығы

Жеке әлеуметтік коды жане салық төлеушінің есеп нөмірі секілді үй кітапшасы да қолданыстан алынып тасталынбақ. Биылғы жылдың аяғына дейін тұрғындарды электронды түрде мекен жайы бойынша тіркеу қызметі енгізілмек.

Бұл жаңа мемлекеттік қызмет түрі әрбір Қазақстандық үшін қолайлы. Өйткені жеке куәлік алу үшін өтінішті Қазақстанның кез келген жерінен беруге болады. Тек электронды мекенжайын растайтын анықтамасы болса болғаны.

Ал ортақ базаға ену үшін азамат халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, жеке куәлігімен қайта тіркеуден өту керек. Бұл-ақысыз әрі жылдам жүргізілетін қызмет түрі.