Úı Jańalyqtar Қазақстан жыл өткен сайын ластануда

Қазақстан жыл өткен сайын ластануда

Қоқыстың тек 20 пайызы ғана жойылады

Қазақстанда небәрі үш жыл ішінде 1,5 млрд. тоннадан астам тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып қалған. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөлтіріков мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 5 млн. тонна тұрмыстық қалдық шығатын болса, 700 млн. тонна өндірістік қалдық айналаны ластайды екен. Оның 20 пайызы жойылуға жатады. Ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.