Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясы тағы бір ғимаратқа ие болды (PR)

348

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы жаңа ғимаратқа ие болды. Болашақ медицина қызметкерлерін дайындайтын оқу ордасына бұл теңдессіз тарту дейді студенттер мен оқытушылар қауымы.

Фармацевтика саласының болашақ мамандары білім алатын оқу ордасының жаңа ғимаратының жалпы аумағы 3600 шаршы метр. Зәулім ғимаратта 600 шәкірт білім алмақ. Негізгі мамандыққа сай пәндерден өзге мұнда тілдер және әскери кафедра орналасқан.

Жақсылық Әлихан ОҚФА студенттердің көшбасшысы. Жаңа қосымша ғимараттың сыйға берілуі болашақ фармацевтер үшін мол мүмкіндік береді.

Қазақстан медицина саласында өзіндік орны бар оқу ордасының қуанышымен облыс басшылығы да бөлісті. Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев білім ұясының белсенділігін тілге тиек етті.