Шымкенттік пауэрлифтингшілері Әлемді бағындырды

210
алда кезекті дода күтіп тұр

Чехияда өткен Әлем чемпионатында шымкенттік спортшы пауэрлифтингтен ептілік таныта білді. Давранбек Тұраханов үштік сайыста 872 келіні бағындырып, қоладан алқа тақты. Бір жыл бойы тынбай дайындалған Давранбек үшін бұл жеңіс оңай тимеді.

Өйткені әлемдік аренада отандастарымыз енді ғана шыңға көтерілуде дейді бапкерлер. Республика бойынша екі қола медаль ғана бар.

Енді жерлесіміз келесі байрақты жарысқа дайындық үстінде. Көктемде өтетін әлем чемпионатында жерлесіміз кезекті рет мықтылық танытуды көздеп отыр.