Жеңілатлетшілер алғаш рет жаңа манежде жарыс өткізді

219
Облыс біріншілігіне 300-ге жуық спортшы қатысты

Шымкенттің жаңа жеңілатлетика манежінде желаяқтар сынға түсті. Осыған дейін боксшылармен кикбоксинг, семсерлесудің шеберлері ептілігін байқаған манежде жеңілатлетикадан облыс біріншілігі өтті.

Көптен бері қолы жетпей жүрген жаттығу орнында шеберлік танытуға тырысқан спортшылардың өздерінің де олардың бапкерлерінің де қуанышында шек болмады. Өйткені қыс келе салысымен шымкенттік желаяқтар залдың тапшылығына келіп тірелетін. Енді бұл проблема шешімін тапқан сыңайлы.

Тіпті, жақын күндері Республикалық оқу жаттығу жиыны да осы манежде өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл жолы оңтүстіктің чемпионы атануды көздеген 300-ге жуық спортшы жеңілатлетиканың 12 түрі бойынша ептілігін байқады.