Қазақ күресінің мықты палуаны анықталды

398
қазақ күресінің епті палуандары

Қазақ күресінен оңтүстіктің чемпиондары анықталды. 130-ға жуық палуан сынға түсіп, облыс құрамасы жасақталынды. Біріншіліктің қорытындысы бойынша:

54 келі салмақта  Олжас Лесбеков, облыстық №3 спорт мектебі

60 келі салмақта  Дәурен Дамен, қалалық №4 спорт мектебі

66 келі салмақта Оңнасын Тілеубергенұлы, Ұлттық спорт түрлері мектебі

74 келң салмақта Таит Жанаділ, қалалық №10 спорт мектебі

82 келі салмақта  Жасұлан Ұзақбай, қалалық №10 спорт мектебі

90келі салмақта Арман Әбдісадықов, Ұлттық спорт түрлері мектебі

+90 келі салмақта  Даулет Әшірбеков, облыстық №3 спорт мектебі –  алтыннан алқа тақты.

Ал жалпыкомандалық сынақта облыстық №3 спорт мектебінің шәкірттері алғашқы сатыдан көрінді. Енді жерлестеріміз ақпан айында өтетін ел чемпионатына дайындығын бастады. Бұл күндері қазақ күресінің шеберлері «Бәйшешек» спорттық сауықтыру кешенінде оқу жаттығу жиынын өткізуде.