Қылмыс көп, қызметкер аз

136
жылдық есеп

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы бастығының жылдық есебінде осы сияқты мәселелер көтерілді. Тындырылған тірлігінен гөрі, кемшін тұсы көп басқарманың бұл ахуалды мойындаудан басқа амалы жоқ.
Мінберге кезегімен шыққан үш аудандық полиция бөлімдері басшыларының ешқайсының да есебі көңіл көншітпейді. Тіркелген қылмыс саны артып, тындырылған тірлік аз. Парақ-парақ баяндама дайындап келген басшылар бәрібір бұл кемшін тұсты жасыра алмады. Өйткені, есеп қабылдаушылар барлығынан хабардар.

қылмыс көп

Жасыратыны жоқ, былтыр бұзақылық, қарақшылық, тонау және зорлау сияқты қылмыстардың саны артқан. Бұл тұста жасөспірімдердің де үлесі басым. Жүгенсіз кеткендерді тізгіндеуде көп көмек болатын алдын алу профилактикалық шараларын жүргізуде полицейлер шаршап қалған сияқты. Осы күнге дейін көптеген тұрғындар өздерінің учаскелік полиция инспекторын танымайды да. Көрген де емес. Соның салдарынан заң бұзушылықтардың санағы көп.

Өткен жылдың аяғында әр полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторларына қосымша тағы 30 штат берілген болатын. Бірақ бұдан жағдайдың жақсарып қалғаны көрінбейді. Әсіресе, Әл Фараби ауданындағы қылмыс саны керісінше артып кеткен. Жиынды қорытындылаушылар сын-ескертпелерді үйіп-төгіп есепті әзер қабылдады. Сөйтті де кемшін тұсты толықтыру үшін белгілі бір мерзім берді.