Әнші Индира Расылхан термеге бет бұрмақ

Индира Расылхан

Алматылық «Асу» тобын өз басқаруына алған әнші Индира Расылған бұл топпен де бірнеше рет жаңа әндер жаздырып, оның бірнешеуіне бейне клипте түсірген болатын. Ал жақында Индираның орындауында төрт бірдей жаңа әндер жарыққа шықты. Олардың біреуіне сәтін салса, бейне клип түсірмекпін дейді әнші Индира.

Индираның өз тындармандарымен бөлісер тағы бір жаңалығы ол әншінің термеге бет бұруы.

Эстрадалық әндерден жалықтым деп айтуға да болмайды. Тек бір өзгерістер болсыншы деген мақсатпен жаңа бағытты таңдағалы отырмын. Жақсы терме жазатын ақынды тапсам, қуана-қуана оның туындыларын халық алдына орындап шығар едім дейді әнші Индира Расылхан.