Өмірден озарыңда басқаға өмір сыйла

286
бүйрек трансплантациясы

Денсаулық сақтау министрлігі мен бүйрек трансплантациясы бойынша «Үміт» атты мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі, халық арасында сауалнама жүргізді. Дайындалған он сауалға «Үміттіктер» оң жауап алған.

Арыстық Нұрболат Абылов бүйрек ауруының зардабын он жыл тартыпты. Сырқатының салдары бүйрегін ауыстыруға дейін жеткен. Бірақ, ағынан жарылып, ағзасын ұсынған жан болмапты елімізде. Ауруы дендеген соң, отаны амалсыз шет елде жасауға мәжбүр болған. Қыруар қаржыға.

Бұл Нұрболаттың бағы шығар. Ал донорлық ағзаны күтіп, кереуертке таңылған азаматтардың зары қанша? Бүйрек трансплантациясы бойынша «Үміт» мүгедектер қоғамы сол науқастардың жанына дауа іздеп келеді. Өткен жылдың соңғы айларында халық арасына сауалнама жүргізген.

Хаттама бойынша Оңтүстік жамағаты донор болуға дайын. Бұл қадамымызды нық басуға үлкен сенім деп біледі Астанадан ат терлетіп келген қоғамның спикері Орынкүл Нарманова.

Қалай дегенде де азаматтардың санасын ояту керек. Адамзаттықтың ең жоғарғы биігінен көріну-өз өлімінен кейін өзгеге өмір сыйлау. Қазір министрлікте дәл осы тақырып қызу талқыланып, арнайы бағдарлама да түзіліп жатыр. Ал сіз донор болар ма едіңіз?