Бұрыңғы полиция қызметкері адам өлтіріп, тонағаны үшін 18 жыл бас бостандығынан айрылды

350
сот барысы

Тонаушылық пен адам өлтіргені үшін бұрынғы полицей 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Нұрбанктің маңында болған қарақшылық шабуылға қатысты іске  сот осындай үкім шығарды.

Бірнеше айға созылған және облысты шулатқан істердің біріне айналып үлгерген қылмыстық іс жұма күні кешкі сағат 9-да  тілшілердің қатысуынсыз аяқталды.

Сотты болған бұрынғы полиция капитаны Шавкат Муслимов 18 жыл бас бостандығынан, капитан деген мансабынан айрылып, мүлкі тәркіленді. Оның сыйбайласы алдын сотты болған Ахрор Абдуллаев болса, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Еске сала кетейік, «Нұр»банктің алдында оққа ұшқан кассирдің 32 млн. теңгесін қолды еткен қанды оқиға өткен жылдың 11-сәуір күні орын алған болатын. Қарақшылардың қолында кеткен қаржы қаладағы бір фирма қызметкерлерінің жалақысы болатын.

Бұл қарақшылардың бірінші қылмысы емес екен. Олар бұған дейін, яғни 4-ақпан күні  ақша айырбастау пунктінен шығып келе жатқан кәсіпкерге де оқ атқан. Бизнесменнің қолындағы сөмкесінен 8 млн. теңгені алып кеткен.

Бір қызығы, полиция капитаны Шавкат Муслимов бұл істі өзі тексерген. Ал 12,13-мамыр күндері ол қолға түсіп, 19-мамырда прокуратура оның бұл істе басты рөлді сомдағанын ресми түрде жария еткен.  Содан экс-каптиан маусым айында қамалған.

Сот отырысы барысында күдіктілер адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу, қарақшылық және суық қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан, сотталушылар 15 күн ішінде қайта шағымдануларына болады.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ywHIQl1YPbQ&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=26&feature=plpp_video[/youtube]