«Би таңы» мектебінің бишілері Парижде бас жүлдені жеңіп алды

Ұстаздар жеңістің асқан дайындықтың арқасында келгенін айтады

Облысымыздың мерейі тағы да үстем болды. Шымкенттіктер үшін жақсы хабарды «Би таңы» би студиясының мұғалімдері жеткізді. Қоржынды жеңіспен толықтырған «Би таңы» би мектебінің жас бишілері Францияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

«Бегущая по волнам» атты балалар шығармашылығына арналған байқауға көптеген елдің өнерпаздары қатысқан. Ал өңіріміздің мақтаныштары өзгелерден оза шауып, үздік деп танылыпты. Жолдаманы өнерпаздар өткен жылы Сауд Арабия Әмірлігінде өткен жас бишілер жарысында қол жеткізген болатын.

Бұл сапарға ұстаздарымен бірге 9-12 жас аралағындағы 11 бала аттанған. Оларұлттық қазақша, өзбекше және тәжік биін дайындапты. Ал педегог-хореографы- тәжірибесі  мол Толқынай Өтешова.