Брюс Лидің ізбасарлары ептілігін байқатып жүр

355
Бүгінде жүзден астам жеткіншектер спорттың осы түрін таңдауда

Бапкердің айтқанын бұлжытпай орындап, жаттығуларына кіріскен бұл жеткіншектер кезекті жарысқа дайындалуда. Жерлестеріміз Шымкентте өтетін халықаралық турнирде топ жарсақ деп жоспарлайды. Бұл күндері оңтүстікте оқу жаттығу жиыны өтуде.

Джет кин до – спорттың бірнеше түрін өзіне қамтиды. Кезінде атақты брюс ли жекпе жектің бұл түрін ойлап тауып, бүгінде оның ізбасарлары ресми жарыстарда сынға түсіп жүр. Бекзат Жалелов – Әлем чемпионы. Бұл күндері шәкірт тәрбиелеп, бапкерлік етуде. Оңтүстікте джет киндоның дами бастауына да себепкер болған азаматтардың бірі. Облысымызда дами бастағанына 4 жылдай болған. Алайда әлі күнге дейін қолдаусыз.

 Бекзат Жалелов, бапкер, Әлем чемпионы: «Бізге демеушілер қажет. Өйтпеген күнде балалардың жарысқа баруы қиындап қалады. Әрине, кейбір кезде біз бапкерлер болып қаражат табуға тырысамыз. Алайда әр кезде олай бола бермейді.»

Шет елдік жарыстарға шыға алады ма жоқ па нақтыланбаса да жаттығулар күнделікті жалғасуда. Турнирлерге шығынды ата-аналар өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Ол дегеніміз қалтасы жұқа отбасынан шыққан спортшылар шет елдік турнирлерге бара алмайды.

Джет кин доның оңтүстіктегі ең кішкентай спортшылары алдағы турнирде алтыннан алқа тақсақ дейді. Қаражат табылып, жатса алар белестер әлі көп екеніне бапкер де сеніммен қарайды.

Спорттың бұл түрі облыстық немесе қалалық спорт бөлімдерінде тіркелмеген. Сол себепті де жарыстарға шығын бюджеттен қарастырылмаған.