Дау Мед клиникасының жобалары

638
Дау Мед клиникасы

«Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның қолдауы арқасында «Дау Мед клиникасы» замануи құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа үлгідегі ғимараттың құрылысын аяқтады. Бұл «Бизнестің жол картасы» шеңберінде медицина саласын дамытуға инвестиция құю бағытында жасалған демеушілік көмектің нәтижесі.

Асқар ЕСІМОВ: «»Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төорағасының орынбасары: «Дау Мед клиникасы Бизнестің Жол картасы бағдарламасы бойынша медицинаны дамыту жобасының қатысушысы. Өздеріңіз көріп отырғандай бірінші бағыттағы жоба бойынша қаржы мақсатты жұмсалған. Клиниканы аралап, бөлінген қаржының игерілуіне көзім жетті . Енді бұл мекеме жаңа қондырғылар сатып алу үшін қаржылай көмек сұрап отыр. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөлу үшін банк алдында кепілдік беруіміз керек. Осы мақсатта мен клинканың жұмысымен етене танысудамын».

Емхана, осында жатып емделу бөлмелері қарастырылған «Дау Мед» клиникасында бүгінде кәсіби білікті сала мамандары сапалы медициналық көмек көрсетуде. Олар жоспарлы түрде біліктілігін жетілдіруде. Науқастың ауруын анықтауда әлемдегі озық жаңашыл техникалардың ролі зор дейді медициналық мекеменің бас дәрігері.

Бауыржан ДАУЕЙ, «Дау-Мед» Клиникасы ЖШС-нің бас дәрігері: «Қаржы бөлінсе, замануи томогроф сатып алмақшымыз .Ол   дәл-нақты диагностика жасауға көменктеседі. Және де отаны мерзімінде жасауға көмектеседі».

4 дәрігер 2 медбикемен 2008 жылы ашылған клиникада бүгінде 100-ге жуық медицина қызметкерлері еңбек етуде. Олардың арасында докторлар, медицина ғалымдарының кандидаттары ,жоғары санаттағы дәрігерлер бар. Бизнестің жол картасы 2020 арқасында Дау -Мед клиникасы сапалы медициналық қызмет көрсету аясын кеңейтуге бағыт алған.