ОҚО-дағы 50 округтен сайланған 50 депутат бүгін Облыстық мәслихаттың 5-шақырылымының 1-сессиясында бас қосты. Алғашқы жиында олар облыстық мәслихаттың хатшысын сайлап, 5 тұрақты комиссияның төрағалары мен мүшелері анықталды.
Күн тәртібіндегі сұрақты талдамас бұрын ОҚО сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов 15- қаңтарда өткен сайлауда басым дауыс жинаған депутаттарға олардың өкілеттігін растайтын төс белгі мен куәліктерін табыс етті. Алдағы 5 жыл бойы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын 50 депутаттың 49-ы ер, біреуі ғана әйел азаматшасы. Ол өткен 4 шақырылымда да халық қалаулысы болған Рашкүл Оспанәлиева. Рашкүл Жәлелқызы жаңа шақырылымда депутаттар арасында қыз-келіншектер көбірек болса деген ниетінің болғанын жасырмады. Ал депутат ретінде өткен шақырылымда жинаған тәжрибиелерін бұл жолы да шыңдай түсетініне сенімді.
Депутатардың тұрақты комиссиялардағы міндеттерін нақтылау небәрі 20 минуттың ішінде шешілді. Депутаттардың 23-і бюджетік, 19-ы кәсіпкерлік көмиссиясында жұмыс жасағысы келетінін білдірді. Бір қызығы, заңдылықты сақтау комисиясында еңбек етуге жалғыз ғана депутат тілек білдірген. Ал осы шақырылымда облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланған Құдайберген Ержановқа 5 тұрақты комиссияға қажетті мүшелерді депутаттардың келісімімен өзгертуіне тура келді.
5-шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған 50 азаматың 42-сі «Нұр Отан» ХДП-нан, 7-уі «Ақжол» партиясының мүшелері. Біреуі еш партияда жоқ депутат. 48-і қазақ, екеуі өзбек ұлтының өкілдері. Басым дауысқа ие болған бұл азаматтардың 50 пайызы кәсіпкер, арасында зейнеткерлер де бар және 50 пайызы өткен шақырылымда депутат болғандар. Жастары жағынан бұл шақырылымды ортадан жоғары деуге болады, жасы 35 дейінгі 4 азамат бар екен. Халық қалаулыларының өз сайлаушыларының аманаты мен сенімін қалай ақтайтынын уақыт көрсетері анық.