ОҚО уран өндіруден алдыңғы орында

342
уран

Оңтүстік Қазақстан облысы уран өндірісінің қоры бойынша республика бойынша 1-орында.
ОҚО-ның өндірістік потенциалын Үкімет басшысы бағалады. Премьер-министрдің ресми сайтында ОҚО-ның аграрлық-өндірістік бағыты басым өңір ретінде атап өтілген.

Тәуелсіздік жылдары ішкі өнім 173 есеге өскен. 1991 ж. ішкі өнім көлемі 7 млрд. теңге болса, 2010 ж. 1,2 трлн. теңгені құраған. 20 жыл ішінде 328 жаңа өндіріс орындары ашылған. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасына сәйкес 78 жоба қолға алынған.

2009 жылы 337 га. аумақты құрайтын индустриалды аймақ ашылған. 31 жоба мақұлданып, инвестициялық салым 5,8 млрд. теңгеге жеткен, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Оңтүстік өңірі уран өндірісі бойынша елімізде 1-ші орында болса, фосфорит, темір рудаларын өндіру жағынан алғашқы үштікке енген.