Шымкентте қоғамдық көлік тапшы

224
Жолаушылардың көлік көбейер деген үміті үзілген жоқ

Бүгін 70- бағыттағы автобуспен қатынайтын жолаушылар барар жеріне кешігіп жетуіне мәжбүр болды. Бұл жайында арнамыздың сайтына тұрғындар хабарласты. Олардың бірі бұл бағыттағы көліктің келуі қиындай түскенін алға тартса, бірі күн суытқалы бері таңертеңгілік уақытта тіпті жүрмей қалатынын жазған. Осы мәселе бойынша мән жайды анықтауға тырысты. Анықталғанындай бүгінгі таңда қалада қоғамдық көліктердің 60-65 пайызы ғана бағытқа шыққан. Көлікшілер мұны жанар-жағармай тапшылығымен байланыстырып отыр.

Бір автобус бағытқа шығып бір күн бойы жолаушыларға қызмет көрсететін болса, 100 литр жанар-жағармай жағады екен. Бүгінде жанар-жағармайдың тапшылығын айтпағанда шарықтаған бағасы басты ауыртады.

Жолаушылардың көлік көбейер деген үміті үзілген жоқ

Осыдан үш ай бұрын көтерілуі тиіс жол ақының құны өзгеріссіз қалды. 7 рет қоғам талқысына салынып, қалалық мәслихатың сесиясында қаралып мақұлданған жол ақысы не себепті көтерілмей жатқандығына көлікшілер алаңдаулы. Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердегі жол ақысын 40 теңгеден 50 теңгеге көтеру мәселесіне қалалық мәслихатың депутатары бірден келісім бермеді. Көлікшілердің берген есептерін бір емес бірнеше мәрте саралап тұрақты комисия отырыстарында қаралды. Нәтежесінде жол ақысын көтеру қажет деген шешімге келген болатын. Ал қалалық мәслихат депутатарының бұл шешімдерінің орындалмай жатқандығына олар да аң таң. Нәтежесінде көлік кем аялдаманы қаптаған жолаушылар.

Бүгінде жолаушы іздеп жарысқан көліктерді қала көшелерінде кездестіру қиын. Жолаушылар автобус сұрайды. Әсіресе қала аумағындағы елді-мекендерге қатынау тіпті қиын дейді «Қайнарбұлақ» саяжайына барып қайтатындар.

Бұл № 70 бағытын «Нұр»  ЖШС -іне қарасты өткен жылы 19 кестемен қызмет көрсеткен көлік компаниясының кестесі 13 кеміген. Жасыратыны жоқ автобус жетіспейді деп компания басшылығы қолда бармен амалдап қызмет көрсетіп жатқандығын айтады. Ал саяжайдағы халықтың саны өспесе кеміген жоқ.