Шымкентте «Альфа-капсула» сауықтыру кешені ашылды

"До и Последе" нәтижесін сезін

Шымкенттегі «До и после» әйелдер клубында жаңадан «Альфа-капсула» сауықтыру кешені ашылды. Жаңа емдеу кешенін емделушілер кіші санатория деп атап та кетіпті.

Сауықтыру кешенінде бетке арналған маскалардың түр-түрі жасалады

Жылдам, бастысы мерекелік кештерден соң өзіңді жақсы сезіну – кез келген әйел қауымының арманы. Людмила құрбысының айтуы бойынша  «До и После» клубындағы «Альфа-капсуланы»  таңдады.

«Шынымды айтсам,«Альфа-капсуладан» көп нәрсені күтемін. Жаңа жылдық отырыстардағы ауыр, майлы  және тәтті тағамдардан соң, газдалған сусын мен шампан ішкеннен кейін өзіңді жағымсыз сезінесің. Тіпті осы күндері қосқан артық салмақтан да арылу керек. Осы күткенімнің орындалатынына сенемін,» -деп ағынан жарылды. 

Емделуші капсулада бір жарым сағат уақытын өткізеді. Осы уақыт аралығында адамның денесіндегі зат алмасып, тұзды сулар қалыпты жағдайға келеді. Сонымен қатар келушілер озонтерапия, гидротепия, ароматерапия бойынша ем алып, душ, саунада буда сеанс жалғастырады. Барлық процедуралар әр адамның денсаулығына қарай жеке-жеке жүргізіледі.

Ал «До и После» әйелдер клубының косметолог-уқалаушысы Мария Антонцева«Альфа-капсуламен» жұмыс жасай бастаған күні-ақ оның әсерін өзім байқап көрдім. Сондықтан келушілердің үмітін ақтайды деп сеніммен айта аламын,-деді.

«Альфа-капсулада» салмақтан арылуға көмектеседі. Мамандардың айтуынша, бұл май емес, артық су мен тұз және қалдықтар. Алайда осы курстардан өткеннен кейін келушілердің өздері де дене салмағындағы өзгерістерді аңғарады екен.

 Спа бағдарламасы бойынша қыз-келіншектерге көмек көрсететін «До и После» әйелдер клубы Шымкентте жалғыз. Клубта емделушілерге жайлы атмосфера мен нағыз мамандардың қызметін ұсынады  және жаңа заманауи құралдар мен жабдықтарды пайдаланады. Процедураға алдын ала жазылып, уақытын белгілеп қою керек. Мекен жайы: Адырбекова көшесі, №90, «До и После» әйелдер клубы, тел: 43-34-90.