Депутаттар базардағы саудагерлердің жағдайымен танысты

172

Депутаттар базардағы саудагерлердің жағдайымен танысты. Қала базарларынан біржолғы талондар арқылы жиналатын салық төңірегіндегі дауға қатысты құрылған арнайы жұмысшы тобы бүгін «Самал» және «Қазыбек» базарларында болып, базар сөрелерін күнкөріс көзіне айналдырған саудагерлермен кездесті. Құрамында 7 депутат пен «Нұр Отан» ХДП өкілдері бар комиссия мүшелерінің бұл әрекеттеріне таңқалған көпшілік көңілге түйген ойларын айтып қалды.

Жаңа жылдан бері көтерілген салық тым жоғары, сауда жоқ деп ашынады саудагерлер. Сондықтан, бір реттік талон құнының 100 теңгеден 200 теңгеге көтерілгені қалтаға қатты ұрады. Шешім қабылдамас бұрын базардағы жандардың жағдайымен танысу қажет еді… Деген пікірді көпшілік қолдайды.

Естеріңізге салар болсақ, өткен жылдың 28-қазан айында қалалық маслихаттың депутаттары салық басқармасының ұсынысы бойынша бір жолғы талонның құнын көтерген болатын. Алайда, Әл Фараби аудандық прокуратурасы салық басқармасының хронометражы дұрыс емес деп наразылық білдірді.

Бүгін қалалық мәслихаттың депутатары сол наразылықтың дұрыс бұрыстығы жайындағы жұмыспен айналысуды бастады. Бүгінгі басталған жұмыс әлі жалғасатын болады. Базардағы сатушылар да бюджет те, зардап шекпеулері қажет. Қалалық маслихат депутаттарының сессияда 15 күндік үзіліс алғандағы ойы осы.