Сбербанк Қазақстан банктері арасында алдыңғы қатарда

378

Сбербанк атқарылған жұмысын қорытындылады. 2011 жыл банк үшін сәтті әрі, табысты жыл болған. Қаржы еселеніп, салым көбейген, бәселелестер арасында беделі көтерілген. Банктің таза табысы 7,7 миллиард теңгені құраған. Осы көрсеткіш бойынша, Сбербанк Қазақстан банктері арасында 4-орынға көтерілген.

Сбербанктің тұрақтылығына елдегі серіктестері де сене бастады. ОҚО -дағы еншілес банкіне небәрі 1 жылда мыңдаған клиент сенім білдіріпті. Қазіргі таңда банкпен 400 заңды және 500 жеке тұлғалар бірлесе қызмет етіп келеді. Ипотеканың да түр-түрі бар. Жас отбасыларына, «Ондыққа ен» және құрылыс пен баспана жөндеу бағдарламалары бойынша ипотека алуға болады. Сонымен қатар, тұтынушы несиелерінің де сан түрі бар.

Марат Өтемісов, «Сбербанк» АҚ еншілес банкінің Шымкенттік филиалының директоры: «2011 жылы жинақтаған тәжірибемізбен бөліскіміз келіп отыр. 2011 жыл біз үшін өте табысты жыл болды. 400-ден аса заңды, 500-ден астам жеке тұлғалармен бірлесе қызмет етіп келеміз».

Өткен жылы Сбербанк ел экономикасына 400 миллиард 250 миллион теңге инвестиция құйған. Сонымен қатар, қаржы институты «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Оған Шымкенттегі филиал да өз үлесін қосуда. Жоба 2 миллион 400 мың теңгеге субсидия алған. Ал жақынарада тағы 7 жобаға келісім алынбақ.
Сбербанк әрі ел экономикасын да үнемі бақылап отыр. Қаржыгерлер дағдарыстың екінші кезеңіндегі қиындықтан шығудың жолын да қарастырып қойған. Серіктестеріміз мұндай жағдай бола қалса да шығынға батпайды дейді олар.

Сбербанктің Шымкенттегі филиалында 40 маман еңбек етеді. Олардың білімін жетілдіруіне де көңіл бөлінген. Сала жетекшілері өз ісін білетін табысты қызметкердің банк тұрақтылығындағы негізгі кірпіш болып саналады деп есептейді. Наурыз айында Сбербанк «Сенім 2011» байқауында жеңіске жетіп, Қазақстандағы үздік жұмыс беруші деп танылды.