Оңтүстік тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

230

Сайрам ауданында бір азамат өзін-өзі өртеп жіберді. Таңғы сағат 10-дар шамасында жедел жәрдем дәрігерлері облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығына денесі қатты күйіп қалған 39 жастағы азаматты жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, олар оқиға орнына жеткен кезде зардап шегуші әлі есін білетін, тіпті, аты-жөні мен мекенжайын да айтып берген. Өзінің ешкімге қояр кінәсі жоқтығын да айтып үлгеріпті.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Каракозова айтқанындай, сәрсенбі күні ер азамат ЖМЖ – ге телефон соғып, өзін өртейтінін хабарлаған, көп ұзамай үстіне 5 литр бензинді құйған.Қазір оқиғаның себеп-салдар анықталуда.