Жол апатынан 11 адам қаза тапты

263
жол апаты Темірлан аст жолында орын алды

Шымкент-Шардара бағытындағы тасжолдың үстінде қайғылы жол апаты орын алды.

Ұзын ата ауылынан Шымкентке бағыт алған «Форд Транзит» автокөлігі Бадам елдімекені тұсына жеткенде сол маңда жайылып жүрген сиырдың кенеттен жолдың үстіне шығып кетуі салдарынан жолаушылар тасымалдаушы автокөліктің жүргізушісі үй жануарын қағып кетпес үшін жолдың қарсы бетіне шығып кетеді.

Салдарынан Камаз жүк көлігіне соқтығысқан. Қатты соққы кесірінен Форд автокөлігінде болған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал бір адам ауруханаға жетпей, жолда көз жұмған.

Тағы 8 адам ауруханада жатыр. Оның ішінде Камаз бен Форд автокөліктерінің жүргізушілері де бар.