Шымкентте тағы бір мектеп бой көтерді

372
Оңтүстікте тағы бір білім ордасы бой көтерді
Оңтүстікте тағы бір білім ордасы бой көтерді
Оңтүстікте тағы бір білім ордасы бой көтерді
мектепте үйірмелер де қажетінше жабдықталған
мектепте үйірмелер де қажетінше жабдықталған

«Жайлау» шағынауданында жаңа білім ошағының ғимараты пайдалануға берілді. Енді жаңа мектепте 300 бала орта біліммен сусындайтын болды. Ұстаздар мен шәкірттердің көптен күткен қуанышын тілшіміз де бөлісті. Білім ошағы оқушы қабылдауға дайын. Жаңа мектепке баласын жетектеп келген қуанышты ата-аналар легі толастар емес. Себебі, олар енді бұрынғыдай қаланың өзге аудандарына барып, сарсылмайды. Мұндағы мектеп жасындағы 600-дей бала бұған дейін №26, 33, 50, 51 және 52 мектептерге қатынап оқитын. Қала әкімдігі биыл осымен 5-ші білім ошағын пайдалануға беріп отыр.

Үш жылда үш білім ошағының іргесін қалап, шатырын жапқан мердігер компания «Шаңырақ» ЖШС-нің басшылары оңынан келген құрылыс осы болды дейді. Нысан үстіміздегі жылдың 14-қаңтарында басталған. Бюджеттен бөлінген 400 млн. теңгеге құрылысшылар оқу сыныптары мен спорт залы, асханаға қажетті барлық қондырғыларды да орнатты. Дегенмен, жобаны жасауда құрылыстың кейбір тұстарына алдағы уақытта көңіл бөлінсе деген тілегі бар.

Мектеп 300 оқушыға шақталған. Оған шағынауданның орналасуы мен мұндағы халық саны негіз. Жайлаудағы тұрғындар саны бүгінде 5 мыңға жуық. Ал тұрғындар тығыз қоныстанған елдімекендерде 1200 орындық мектеп салуға дейін мүмкіндік бар. Әлеуметтік нысан құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін бөлуде барлық кедергілер бүгінгі таңда шешімін тапқан дейді облыс басшылығы. Алдағы 2013-2014 жылдары салынады деп жоспарлаған нысандарға да жер телімін дайындау қазірден басталуда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R4VG7Kn9DJY[/youtube]