Сарыағаш халқымен облыс әкімі кездесті

307
Ертай атаның бала-шағасы мен немерелері аудандық ауруханада жатыр.  Үйінде бала-шағасын асырап отырған малдарынан айрылған. Екі малының сырғасы жоқ болғандықтан шығын кітабына алынбапты
Ертай атаның бала-шағасы мен немерелері аудандық ауруханада жатыр. Үйінде бала-шағасын асырап отырған малдарынан айрылған. Екі малының сырғасы жоқ болғандықтан шығын кітабына алынбапты

Сарыағаш ауданындағы 16-қаңтар күні күн бұлтты. Топан судан зардап шеккен ағайын жаңбыр жауып кете ме деп қауіптеніп жатыр. Табиғат апаты кесірінен үй күйсіз қалғандармен кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов барды. Және төтенше оқиғадан жапа шеккен жұртқа бар көмек көрсетілетінін айтты.

Мынау кұлап жаткан үй Фазыл ағанікі.Ол мұнда былтыр көшіп келіпт. Жаңадан салған үйім жермен жексен болды дейді тұрғын
Мынау кұлап жаткан үй Фазыл ағанікі.Ол мұнда былтыр көшіп келіпт. Жаңадан салған үйім жермен жексен болды дейді тұрғын

Ауданда арнайы қор құрылып, оған бүгінге дейін 500 мың теңге қаржы құйылды. Айта өтейік Сарыағаш ауданында су тасқыны кезінде 30 үй зардап шегіп, екеуі жермен жексен болған. Жетеуі апатты жағдайда. Тағы 21 баспана жөндеуді қажет етеді.

Облыс басшысымен кездескен жергілікті халық аман қалғанына тәубә деп облыс әкімінен көмек сұрады
Облыс басшысымен кездескен жергілікті халық аман қалғанына тәубә деп облыс әкімінен көмек сұрады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тасқын судан жапа шеккен Қарақалпақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың хал-ахуалын өз көзімен көрді. Сабырға шақырып, көмек болатынын алға тартты.

Су төтеден келгенде сарыағаштықтар бас сауғалап, жалаңаяқ сыртқа жүгірген
Су төтеден келгенде сарыағаштықтар бас сауғалап, жалаңаяқ сыртқа жүгірген

Бүгінгі таңда 4 бірдей топ, тексеру жұмыстарымен айналысып, шығындардың тіркеп жатыр. Ал жермен жексен болған Қарақалпақтағы екі үйдің мемлекеттік актісі жоқ болып шықты. Өйткені үй жаңадан салынған екен. Алайда, облыс басшысы мемлекеттен заңды түрде көмек болмаса да, қордан түскен ақшаны қолдарына ұстататындықтарын жеткізді.

Күні кеше осы екі отбасының мүшелеріне 372 мың теңгелік киім-кешек әперіпті.