Самалдықтар қоқыстан зәрезап болып отыр

225

 

"Самал" шағынауданының әр бұрышы осындай қоқысқа толы
«Самал» шағынауданының әр бұрышы осындай қоқысқа толы

Тұрмыс қалдығынан көз ашпайтын «Самал»шағынауданының көшелерін бұл күнде «Эко тазалық» мекемесі тазалауы тиіс екен. Алайда, аталған мекеменің қызметі мардымсыз болып отыр.

«Эко тазалық» ЖШС 13 мың тұтынушыға қызмет көрсетуді көктемде бастады. Оған дейін сол аумаққа қызмет көрсететін «Орион жаңа технологиялары» ЖШС-нің жұмысына деген арыздың көбеюі қала басшылығының коммуналдық мекемені алмастыру туралы шешім қабылдауына түрткі болған. 

«Эко тазалық деген келгелі қоқысқа көмілдік». Бұл ашынған «Самал» шағынауданының тұрғыны, ақ жаулықты ананың айтқан сөзі. Десе дегендей, «Орион жаңа техналогиялары» ЖШС рыноктан ығыстырған мекемеге деген шағым шаш етектен. 

Анар әже көшесі тұрғындарынан түскен шағымды ести сала аудан әкімдігі қордаланған қоқысты тазалауға кірісіп кетіпті. Есесіне Ермектаев көшесіндегі әр үйдің алдында тізілген тұрмыстық қалдықтар жетіп жатыр. Мұндағы көше тұрғындары да жаңа мекеменің жұмысы жарамады дейді.

«Эко тазалық» ЖШС 13 мың тұтынушыға қызмет көрсетуді көктемде бастады. «Орион жаңа технологиялары» ЖШС-нің жұмысына деген арыздың көбеюі қала басшылығына осындай шешім қабылдауға түрткі болған. Төрт техникамен қызметке кіріскен мекеменің басшысы кемшіліксіз жұмыс жоқ дегенді айтады.

«Орион жаңа технологиялары» ЖШС-нің қызметкері: «Біз өз міндетімізді орындап жатырмыз деп ойлаймын. Себебі, тазалық дегеннің өзі қиын шаруа тап қазір жинап кетсеңіз лезде көше қайта ластанады бәріне бірдей жағу оңай емес».

Шымкент қаласында тазалықпен айналысатын 6 бірдей мекеме бар. Бірақ соның тең жартысында арнайы техника жоқ. Тұрмыстық қалдық шығаруға ыңғайластырылмаған көліктердің болмауы да тұрғындардан түсетін шағымның көбейуіне де негіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pgshowobHaw[/youtube]