Түркістанда апатты жағдайдағы 4 мектеп бар

832
Облыс әкімінің Түркістандағы сапарынан

 

Облыс әкімінің Түркістандағы сапарынан
Облыс әкімінің Түркістандағы сапарынан

Облыс әкімі асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Түркістанда болды. Бірқатар әлеуметтік нысандарды аралаған өңір басшысы жағдайды оңалту үшін бірқатар тапсырмалар берді. Түркістан қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы мектептің апатты ғимараты таяуда бұзылады. Өткен ғасырдың 60 жылдары салынған білім ошағында соңғы сабақтар 2007 жылы өткен. Оның орнына 300 балаға шақталған жаңа мектеп бой көтермек. Ал қалалық емхана мемлекеттік комиссия қабылдаса, тамыз айының соңында пайдалануға берілмек.

Даңқты генерал Сабыр Рахымовтың аты берілген білім ұясының бүгінгі халі аянышты. Төбесі опырылып түспес үшін орнатылған тіреуіштер, әбден тозығы жеткен едендер. Бұл Түркістан қаласындағы 4 апатты мектептің бірі. Сонау 1960 жылдары саманнан салынған білім ошағының ғимаратында дәріс беру 2007 жылы тоқтатылған. Сол кезеңде қосымша ғимараттар салынғанымен, олар да мектеп қажетілігін өтей алмай отыр. Жаңа оқу жылында бұл мектептің 960 бала табалдырығын аттайды.

Облыс әкімі танысқан келесі нысан- қалалық емхана. Тамыз айында тапсырылатын медициналық мекемеде негізгі жұмыстар аяқталып, медициналық құрылғылар орнату шаралары атқарылуда. Алайда кемшіліктер де жетерлік.

Түркістан қаласына перзентхана, халық саны 12 мыңнан асқан Шорнақ ауылдық округіне дәрігерлік амбулатория қажет. Бұл ұсыныстар облыс әкімінің қала мен аудан активімен өткен жиыны барысында хаттамаға енгізілді. Алдағы уақытты оны жүзеге асыру мәселесі қаралатын болады.