Қыз зорлағандардың ісі сотқа жолданды

380

Шымкенттегі № 03/534 әскери бөлімінің экс-сержанты мен оның 25 жастағы сыбайласына қатысты іс сотқа жолданды. Естеріңізге сала кетсек, 25-шілде күні сержант Мырзағалиев пен оның досы Соколенко 20 жасар бойжеткенді зорлап, содан соң қылмысын жасырмақ болып, қызды өлтіріп тастаған еді.

 Марқұмның мәйіті Шапағат-2 шағынауданындағы шұқырдан табылған. Қылмыстық кодексінің 4 бабымен айып тағылған күдіктілердің кінәсі тергеу барысында толық дәлелденіп, істері сотқа жіберілді. Бұл іс Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша әскери сотта қаралуда.