Қалада арзан құмшекер тапшы

635
әлеуметтік дүкен

Шымкентте шекер жоқтың қасы. Көтерме сауда орындарында кұмшекердің орны ойсырап бос тұр. Ал жекеменшік дүкендер мен базарда бағасы шарықтап кеткен.

қант орталығы
Қант орталығы

Нәзір Төреқұлов көшесіндегі қант орталығында қант жоқ. Мұндағылар «Тек түстен кейін болып қалар» дейді. Егер келіп жатса, келісін 128 теңгеден сататын көрінеді. Жалғыз бұл жерде емес, қаланың көптеген көтерме сауда орындарында құмшекер жоқ. Сатушылар оның себебін жасырмайды да. Олардың айтуынша, фирмалар әдейі бермей жатқан көрінеді. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X5Ic0vvVBdg[/youtube]

Сондай-ақ, әлеуметтік тауарларды арзан бағада сатушылардың алдында да шекер жоқ. Тұтынушылар арзандатылған шекерді сағаттап күтуде. Ал  сатушылар «келіп қалады» деуден ары аса алмайды.

әлеуметтік дүкен
Әлеуметтік дүкен

Құмшекердің тапшылығы, әсіресе, әлеуметтік дүкендерде сезіледі. Мұнда да қантқа сұраныс көп, бірақ тауар апталап келмепті. Сол жердегі сатушының айтуынша, доллар бағамы өзгергелі құмшекерді дүкенге ешкім алып келмеген.

құмшекер
Құмшекер

Есесіне базар сөрелері құмшекерге толып тұр. Бағасы да жоғары — 150 теңге. Жекеменшік дүкендерде 160-180 теңге аралығында. Ал осы кезде «Тұрақтандыру қоры» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы облыстық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қол қусырып отырмағандарын жеткізді.

Мұхтар Тұрарбеков, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары: «Біздің қорда 50 тоннадай шекер бар. Ол апта соңына дейін нарықтағы бағаны бағындыруға жетеді. Сондай-ақ, қосымша 400 тонна шекерді сатып алуға шешім қабылданып отыр. Күні бүгін бітетін болса, ары қарай қамтамасыз етеміз.»