Шымкентте осымен төртінші жыл қатарынан республикалық «Үміткер» турнирі өтуде. Алғашқы жылы 4 команда ғана бұл жарысқа қатысуға ниет етсе, бүгінде олардың қатары сегізге дейін жеткен. Астана мен Көкшетаудың жастары да осында дайындығын сынға салуда. Сондай-ақ, атыраулықтар да бар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V64cAM8ULQs[/youtube]
«Қыран» командасы «Үміткер» турниріне екінші құраммен келіпті. Осыған дейін Біркөлік шатқалында оқу-жаттығу жиынын өткізген қырандықтар енді Түркияға жол тартсақ деп жоспарлап отыр. Ал бұл жолғы ойында қанаты әлі қатая қоймаған футболшылардың дайындығын бас бапкер Амерби Динаев байқады. Бірінші таймның өзінде-ақ жастар «БИІК» командасын 4:2 есебімен жеңді. Ойынның екінші жартысында да Амерби Сапарұлының шәкірттері шабуылдармен көзге түсті.
Бұл жарысқа алғашқы уақытта қосалқы командалар ғана қатысатын. Биыл бірінші лига командалары да келіпті. Турнир ақпанның 23-іне дейін жалғасады.