Шымкентте футбол чемпионаты алдындағы соңғы сынақ өтуде

403
"Қыран" - "БИІК". Есеп 4:2

Шымкентте осымен төртінші жыл қатарынан республикалық «Үміткер» турнирі өтуде. Алғашқы жылы 4 команда ғана бұл жарысқа қатысуға ниет етсе, бүгінде олардың қатары сегізге дейін жеткен. Астана мен Көкшетаудың жастары да осында дайындығын сынға салуда. Сондай-ақ, атыраулықтар да бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V64cAM8ULQs[/youtube]

"Қыран" командасының қақпашысына бұл ойында аса жұмыс бола қойған жоқ. Қос команданың да футболшылары "БИІК" қақпасының маңында ала допқа таласуда.
«Қыран» командасының қақпашысы бұл ойында аса көп тер төккен жоқ. Қос команданың да футболшылары «БИІК» қақпасының маңында ала допқа таласуда
Көк жейде киген қырандықтар бұл ойында ептілік таныта білді
Көк жейде киген қырандықтар бұл ойында ептілік таныта білді

«Қыран» командасы «Үміткер» турниріне екінші құраммен келіпті. Осыған дейін Біркөлік шатқалында оқу-жаттығу жиынын өткізген қырандықтар енді Түркияға жол тартсақ деп жоспарлап отыр. Ал бұл жолғы ойында қанаты әлі қатая қоймаған футболшылардың дайындығын бас бапкер Амерби Динаев байқады. Бірінші таймның өзінде-ақ жастар «БИІК» командасын 4:2 есебімен жеңді. Ойынның екінші жартысында да Амерби Сапарұлының шәкірттері шабуылдармен көзге түсті.

"Қыран" бұл турнирге екінші құрамымен қатысуда
«Қыран» бұл турнирге екінші құрамымен қатысуда
"БИІК" командасы өткен жылы қала чемпионатында топты жарған болатын. Алайда өзінен кеінгі жастардан басым болу бұл күні оларға бұйырмапты
«БИІК» командасы өткен жылы қала чемпионатында топты жарған болатын. Алайда бұл жолы жастардан басым болу оларға бұйырмады

Бұл жарысқа алғашқы уақытта қосалқы командалар ғана қатысатын. Биыл бірінші лига командалары да келіпті. Турнир ақпанның 23-іне дейін жалғасады.

"Қыран" қақпасының алдындағы допқа талас. Алайда, қорғаушылар өз орнында. Шабуыл сәтсіз аяқталды.

Бұл жеткіншектердің арасынан да "Қыранның" бас бапкері іріктеу жасайды.
Бұл жеткіншектердің арасынан да «Қыранның» бас бапкері іріктеу жасайды
Ойын барысында жас қорғаушылар қақпаға доп соғуға мүмкіндік бермеді.
Ойын барысында жас қорғаушылар қақпаға доп соғуға мүмкіндік бермеді
"Қыран" - "БИІК". Есеп 4:2
«Қыран» — «БИІК». Есеп — 4:2