Бүгінде көпқабатты үйлердің кіре берісінен пошта жәшігін кездестіру қиын. Тіпті, жоқтың қасы. Болса да бұрынғыдан қалған темір жәшіктерге газет-журнал немесе хат қалдырудың өзі қорқынышты. мұны тұрғындардың өздері де мойындайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JO5x90_LhnQ[/youtube]
Шымкент тұрғындарына бүгінде 100 пошташы қызмет етеді. Әрбір мекенжайға тиесілі газет пен хатты жеткізу оңай шаруа емес. Қолайсыз ауа райын былай қойғанда, діттеген жеріне жеткен кезде, арнайы кодпен ашылатын есіктерге сәлемхатты қалдыру қиын. Адамдардың көбі үйінде бола бермейді, ал есігіне қыстырып кеткен хат пен газетті алатын-алмайтынына сенім жоқ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v_ZLTYMz18Q[/youtube]
Қазір пошта жәшіктерін орнату және оны сақтау тұрғындардың өз міндетіне кіретінін олар мойындағысы да келмейді. Ал пошташылардың еңбегін бағалау қажет-ақ. Себебі, өзімізге келетін корреспонденцияның аман жетуіне солар жауапты. Жалақысы мардымсыз болса да.
Қалдыгүл Сәбденова, «Қазпочта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының пошта технологиясы бөлімінің бас маманы: «Пошта қызметін тұтынушылар газеттерін және хат-хабарларын уақытында алу үшін, сәлемхаттардың су болып қалмау үшін өздері пошта жәшіктерін орнатса болады.Ол жәшіктер бізде сатылады. Бір секциялықтан бастап, жеті бөліктен құралғанына дейін жеткілікті. Бұрынғыдай сұр түсті емес. Көк және сарыға боялған. Бір абонементтік жәшіктің бағасы — 2500 теңге.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-dP0T89Lit0[/youtube]
Қалай болғанда да бүгінде пошта жәшіктеріне деген сұраныс жоқ. Жастар электрондық поштаның қызметін пайдаланады. Дегенмен, дәстүрлі жәшіктерді түбегейлі қолданыстан шығаруға да болмайды. Хат-хабар жәшігін әлі де керек ететіндер — егде азаматтар.