Шымкентте Дэвис кубогінің іріктеуі өтіп жатыр

324
Ал қыздар арасында оңстүстік қоржынына алтын медаль салады деген үміт жоқ

Шымкентте үлкен теннистен кезекті жарыс басталды. Сенбіге дейін 16 жасқа дейінгі 76 теннисші кортқа шығып, бақ сынайды. Олардың 40 пайызы — жерлестеріміз. Бұл дегеніміз — осы турнирде қоржынымызға медаль салу мүмкіндігі мол. Осыған дейін Астанада республикалық жарыс өткен болатын. Ел ордадан екі жерлесіміз алтын медальмен оралды. Олар Дастан Ташбулатов және Ади Калиекперов.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4P0uQYQVEGQ[/youtube]

Бұл күндері еліміздің  76 теннисшісі Шымкенрттің корттарында сынға түсуде
Бұл күндері еліміздің 76 теннисшісі Шымкентке жиналды
Облыстық теннис мектебінің директоры Рашид Хасанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеуде
Облыстық теннис мектебінің директоры Рашид Хасанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеуде

 Ади Калиекперов, ҚР чемпионы: «Астанада бастапқы жоспарым алтыннан алқа тағу болатын. Тек жекелей сынақта ғана топты жарамын деп ойлағанмын. Алайда жұптық кездесулерде де үздік атандым. Ал бұл жолы жартылай финалған шыққан теннисшіні жеңе білу керек. Ауыр матч сол болады деп ойлаймын. Жүлделі болатыныма сенімдімін.»

Ади Калиакперов арнайы теннис сөмкесін сыйға алды
Ади Калиакперов арнайы теннис сөмкесін сыйға алды
Дастан Ташбулатовқа теннис орталығы арнайы кроссовка сыйға тартты
Ал Дастан Ташбулатов спорттық аяқ киімды сыйға алды
Дастан жұма күні Малайзяға жол тартады
Дастан жұма күні Малайзяға жол тартады

Он бес жасар Ади Калиекперов 16 жасқа дейінгі қарсыластарымен де бағын сынап көрмек. Бапкерлер де осы теннисшіге үміт артып отыр. Оның үстіне Адидің алдында бірқатар жарыстары бар. Жұма күні жерлесіміз Малайзияға жол тартады. Ол жақта Дэвис Кубогі жолындағы сайыс өтеді.

Ал қыздар арасында оңстүстік қоржынына  алтын медаль салады деген үміт жоқ

Рашид Хасанов, ОҚО теннис мектебінің директоры: «Бұл жолғы ел чемпионаты теннисшілеріміз үшін маңызды. Жоғары санат алу үшін бұл жарыста топты жару қажет. Сегіз жүз ұпай алуға болады. Еліміздің барлық облыстарынан үздіктер жиналған. Ал жұма күні еліміздің 16 жасқа дейінгі құрама командасы ел намысын Малайзияда қорғайтын болады. Олардың арасында Петров, Калиекперов және Ломакин де бар.  Ал 14 жасқа дейінгі құрамада Ташбулатов, Пак және Самойлов сынға түседі.»

Бұл жарыстың чемпиондары жоғары санатқа өтуіне мүмкіндік алады
Бұл жарыстың чемпиондары жоғары санатқа өтуге мүмкіндік алады
Бұл жолғы ел чемпионатында Дастанмен, Ади топты жарады деген сенім бар
Бұл жолғы ел чемпионатында Дастан мен Ади топты жарады деген сенім бар 
Жарыс сенбі күнге дейін жалағасады
Жарыс сенбі күнге дейін жалағасады