Өзі секілді жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды

227
Ұсталған азамат

Жол үстінде көлік жүргізушілері арасында түсініспеушілік жиі орын алатыны жасырын емес. Кейде сондай келеңсіздіктердің соңы жаға жыртысып, жұдырықтасуға да алып келіп жатады. Сондай оқиғалардың бірі таяуда Шымкентте орын алды.

Ұсталған азамат
Ұсталған азамат

Тәуке хан даңғылының бойында бір көлік жүргізушісі екіншісін «қысып қойса» керек. Соған шыдамаған жігіт өзінен жасы кіші жүргізушіге жұдырығын ала жүгіреді. Оның әрекетін сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері байқап қойған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fUcu0nxOB7g[/youtube]

27 жастағы жігіт «Лада Приора» көлігінің жүргізушісін тектен-тек ұрмағанын айтады. Айтуынша, Приораның иесі өзіне үшкір затты ала жүгіріпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bot1Xrhs3mg[/youtube]

Қалай болғанда да бұл азамат Еңбекші полиция бөліміне жеткізілді. Енді оқиғаның анық-қанығын сондағы тергеушілер анықтайтын болады.