Ардагерлердің ордендерін ұрлап келген ұры ұсталды

293
Қолды болған медальдар

Шымкентте миллиондаған теңгенің дүниесін ұрлаған ұры ұсталды. Баукеспе, тіпті, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің орден-медальдарын да жымқырып кетіпті.

Қолды болған медальдар
Қолды болған медальдар

Еңбекші полиция бөліміне жылдың басынан бері бірнеше шымкенттік тұрғын арызданады. Олардың айтуынша, бірер ай бұрын үйлеріне ұры түскен. Әккі адам үйде ешкім жоқ кезде кіретін көрінеді. Осы факті бойынша жедел-тергеу амалдарын жүргізген криминалистер 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dVHcK6ac8Gw[/youtube]

Қолға түскен соң бұл күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Тергеу кезінде оның әзірше 7 ұрлық жасағаны дәлелденді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қолды болған дүние-мүліктің жалпы құны 5 миллион теңгеден асып түседі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=V-K8iS9BanQ[/youtube]

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Бұл сезіктінің қаланың өзге де аймақтарында жасалған қылмыстық әрекеттерге қатысы болуы әбден мүмкін.