«Ордабасы» футболшылары жаңа бапкермен танысты

162
Саулюс Ширмялис - "Ордабасы" ФК бас бапкері, фото Kff.kz сайтынан алынған

Ордабасылықтар көптен күткен бас бапкерімен танысты. Ел чемпионатының төртінші тур ойынына екі күн қалғанда жерлестерімізді жаңа маман жаттықтыруға кірісті. Ол – литвалық Саулюс Ширмялис. Саулюс Константинович Шымкентке келе салысымен-ақ негізгі қызметіне кірісіп кетті. Дайындыққа бір сағат ерте келіп, орталық алаңның жағдайымен және ордабасылықтардың жаттығу құралдарымен танысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=moBfPNMd4Ho[/youtube]