Шымкентте 11600 түп көшет егілді

1

Көктем мезгілінде көшет егіп, тал-дарақтардың түптерін ретке келтіріп, баптау – игілікті іс.

2

Қала әкімі Дархан Сатыбалды жақында ғана «Қыран» командасына Голландиядан ауысып келген қазақ футболшысы Мұрат Өнелмен бірге Абай саябағында шырша екті.

3

Мұрат Өнел: «Шымкентке келгелі бүгін бірінші рет қолыма күрек алып, ағаш ектім. Менімен бірге «Қыран» командасындағы достарым да келді. Енді саябаққа келген сайын өзім еккен көшетке көз қырымды салып өтемін.»

4

Бұл күні көшелер мен саябақтарға, көпқабатты тұрғын үйлер мен орта арнаулы оқу орындарының айналасына 11600 түп көшет егілді. Олардың арасында қылқан жапырақты ағаштар, қараағаш, үйеңкі, емен, шынар, ақ қайың да бар.

5

«Шымкент жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесі басшысының міндетін атқарушы Абзалбек Үгелтаевтың айтуынша, сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардан бөлек 2 мыңға жуық студент атсалысқан.

6

Сондай-ақ, қалалық «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары мен 35 арнайы техникасы жұмылдырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Z3Eo03xc5_g[/youtube]