Шымкентте дүлей дауыл тұрды

236
Көшенің аты жазылған тақташалар қисайып қалған

Сәуірдің алтысынан жетісіне қараған түні Шымкентте қатты жел тұрды. Соның салдарынан қаламыздың «Сәуле» шағынауданы және Байтұрсынов пен Тыныбаев көшелерінде бағаналар құлап, электр желілері үзілді. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай департаментінің мамандары мәлімдеп отыр.

Байтұрсынов көшесіндегі электр бағаналары құлаған

Құтқарушылардың айтуынша, қала тұрғындары шұғыл түрде 112 нөміріне хабарласыпты. Әбүйір болғанда, жапа шеккен адамдар жоқ. Бірақ төтенше жағдайлар департаменті 8-сәуір күні облысымызда ауа райының күрт суытатынын, тіпті, сынап бағанасы ауыл-аймақтарда -5-ке дейін төмендейтінін хабарлайды.

Көшенің аты жазылған тақташалар қисайып қалған
Көшенің аты жазылған тақташалар қисайып қалған

Нұрлан Темірбаев, ОҚО ТЖД бас маманы: «Орын алған жағдайларға байланысты біздің тарап электр желілерін қалпына келтіруге «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің көмегімен,  ал құлаған ағаштарды алып тастау бойынша «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-не шұғыл түрде хабарласып, бұл олқылықтарды толығымен жойды.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Unf9avzsbBQ[/youtube]