Көліктерге абай болыңыздар!

274

Төрт күннен бері тыйылмай тұрған қатты желдің салдарынан қала көшелеріндегі ағаштар құлап жатыр. Дүлей дауыл қопарған талдың бірі Мәделі қожа көшесімен келе жатқан Мерседес автокөлігінің үстіне түсті. Соның салдарынан оқыс оқиға кезінде көлікте болған екі адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Тұрғындар қалалық әкімдіктен осы көшенің бойындағы екі талды кесіп тастау туралы бұрын да арызданғандарын айтады. Алайда, арада жыл өтсе де еш әрекет болмапты. Енді, міне, дер кезінде кесілмеген ағаштан екі азамат зардап шекті.

Ал «Айна» базары маңында орнатылған билборд ВМВ атокөілігіне құлап түскен. Абырой болғанда мұнда жарақат алғандар жоқ. Құлаған билборд аз уақыт ішінде жолдан алынып тасталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cyldUAikcGA[/youtube]