Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

361

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте. Дәл осы тақырыпта қалалық байқау өтті. Бұл жолғы байқауға студенттер немесе мектеп оқушылары емес, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Облыстық туризм басқармасынан бастап, салық департаменті, кедендік бақылау, ІІД және экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен ұлттық банктің өңіріміздегі филиалының қызметкерлері қазақ тілін меңгеруде өзара бақ сынасты. 11 топ мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуге қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделуінің үлгісін көрсетіп қана қоймай, өнерлерін ортаға салды.

Қазақ тілін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараны өткізуге салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығы ұйытқы болды. Алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отырған шараға қатысқан командалар тыңғылықты дайындықпен келгені бірден көрініп-ақ тұрды.