Биыл Оңтүстікте 32 860 оқушыға соңғы қоңырау соғылды

527
Мектеп түлектері

Биыл облыс бойынша 32 860 оқушы мектепті тәмамдап отыр. Оның 1131-і – Алтын белгіден үміткер. Ал 18 976 түлек ұлттық бірыңғай тест тапсырады деп жоспарланыпты.

Сыңғырлаған соңғы қоңырау. Алтын ұямен қоштасу. Ұстаздарға деген алғыс. Мұндай сезімдер білім ошақтарынан түлеп ұшқандарға таныс. Бұл күн – үлкен өмірге қадам басарда үлкен жоспарлар құрылатын сәт.

Мектеп түлектері

Балнұр Мырзагелді, жас түлек: «Біз осы мектепте жақсы білім алып, тәрбие алып, оқу бітіріп жатырмыз. Ал ендігі жоспар – биыл тапсыратын ҰБТ-ға дайындалу. Жақсы бағаға өтеміз деп үміттенеміз. Сынақтан аман-есен өтіп кетсек, ол – мұғалімдердің еңбегінің жемісі.»

Назарбаев зияткерлік мектебі
Назарбаев зияткерлік мектебі

Ал осы кезде қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде де соңғы қоңыраулар соғылды. Бірақ биыл ашылған білім ұясын бітірушілер жоқ. Бұл білім ұясында сыңғырлаған соңғы қоңырау 590 шәкірт пен мектеп ұжымына берілетін 3 ай демалыстың белгісі.

Балқан Қасымов, Шымкент қаласындағы химия -биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Бірінші жылы қиын болды, бірақ жетістіктеріміз де аз емес. Қазіргі таңда 11-сынып, 9-сыныптардың біраз оқушысы халықаралық емтихандарды тапсырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Және әр түрлі жарыстардан да оқушылар айтулы жетістіктерді бағындырды.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HP2awb96GPw[/youtube]

Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназия да 70-тен астам бітірушісін түлетті. Солардың оны Алтын белгіден үміткер. Мерекелік шарада жас түлектер ақ кемеге ақ тілектерін айтып, көкке ұшырды.