Биыл облыстағы егіс алқабының көлемі 800 мың гектарға жуықтады

339

Былтырмен салыстырғанда биыл өңіріміздегі егіс алқабының көлемі 22 мың гектарға артып, 796 мың гектарды құрады. Күні бүгінге дейін жаздық дақылдарды егу көлемі 497 мың гектар болған. Соның 452 мың гектарына қазіргі таңда дән себіліп бітті. Яғни, 92 пайызы. Ал қалған алқапқа кеш егілетін, күздік дақылдар отырғызылмақ. Себебі, олар агротехникалық талаптарға сай, өз мерзімінде егілуі тиіс. Қазір жер айдалып, тұқымдар дайындалған.

fsdfsdsd

Амантай Ателов, облыстық ауыл шарушылығы басқармасының бас маманы: «Масақты дәнді дақылдардың көлемі – 53700 гектарға, жоңышқа – 45400 гектарға, мақсары – 91 000 гектарға, көкөніс – 29 000 гектарға, бақша дақылы 55 000 гектарға, мақта 124 000 гектар алқапқа егілді.  Ал енді мемлекет тарапынан биыл 1 миллиард 701 миллион теңге қаржыға жеңілдетілген бағамен минералды тыңайтқыштарға бөлінген. Бүгінгі күнге сол бөлінген минералды тыңайтқыштың 40 мың тоннасы алынды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық.»

Тыңайтқыштарды қазір Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш секілді мақталы аудандардың дихандары алып жатқан көрінеді. Қажетті минералдар дақылдарды отырғызу қызған шақта уақытылы келді дейді мамандар. Бұл өз кезегінде дихандар үшін үлкен көмек болмақ.