Шымкенттің қысқы спорт түрлері мектебі көптен күткен арнайы спорттық төсенішке қол жеткізді. Мұз айдынына жабылатын жұмсақ төсеніш спортшылардың жарақат алуына жол бермейді. «Енді республикалық сынақтарды өткізуге де болады» дейді мектеп басшысы Бақытжан Зиябеков.
Ұзынқұлаққа сенсек, маусым айында «Мұз сарайы» уақытша жұмысын тоқтатып, қыркүйекте қайта іске қосылуы мүмкін. Сол себепті Шымкенттің шорт-трекшілері оқу жылын мерзімінен ерте қорытындылауда.
Мұз айдынында қала біріншілігі басталды. Үш күн бойында Оңтүстіктің спортшылары жыл бойында жинақтаған тәжірибесін қазылар алқасының назарына ұсынды. Алғашқы сынақ шорт-тректен өтті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FZ_t-gKhCPM[/youtube]
Жарысқа қатысқан жеткіншектердің барлығы да Олимпиада чемпионы болуды армандайды. Спорт ордасының шорт-тректен алғашқы чемпиондары да бар. Нұрлыбек Бейсеев ел чемпионатында бес қашықтықта жеңімпаз атанған. Бұл жолы да чемпион болсам дейді.
Қала біріншілігі үш күнге жалғасады. Ал сынақтың екінші күні мұз айдынына мәнерлеп сырғанаушылар шығатын болады. Олар да биылғы маусымды қорытындылайды.