Стадионның қақ ортасындағы дүңгіршектің саудасы қызды

306

Кешегі сенбіде Шымкенттің Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға бардым. Себебі, кешкі 18:00-де футболдан ел премьер-лигасының 13-турында жергілікті «Ордабасы» командасы мен Алматының «Қайраты» ойнады. Шынымды айтсам, биылдыққа футбол матчын тамашалау үшін стадионға алғаш рет баруым болатын.

Стадиноға кіріп, өз орныма жайғасқан соң жан-жағыма қарасам, жасы 35-40 шамасындағы келіншек жанкүйерлер көп отыратын сектордың қак ортасынан дүңгіршек ашып, балмұздақ пен салқын сусынның саудасын қыздырып отыр.

20140524_184756

Бір қызығы, ойынның басталғанына қарамастан сауда қызып жатыр. Қазақ «Ешкіге жан қайғы, қасапқа мал қайғы» деп осындайда айтқан болар. Себебі, саудагерде футбол ойынын тамашалауға келгендерге кедергі боламын деген ой тіпті де жоқ секілді.

20140524_185329

Осы дүңгіршектің артындағы 2-3 қатардағы оннан астам орын бос тұрды. Себебі, онда отырған адамның жасыл алаңдағы доп тепкендердің әрекетін көре алмайтыны. Ойынға келген жанкүйерлердің айтуынша, сауда нүктесіндегі балмұздақ, сусындар нарықтағы бағадан екі есе қымбат сатылады екен. Себебін сұрағандарға сатушы жауап беруден бас тартатын көрінеді.

20140524_184843

20140524_185504

Жанкүйерлердің бұл сауалының жауабы аса тереңде жатқан жоқ сияқты. Өйткені, сауда нүктесінің иесі ол жерді жалға алған болар. Көрермендер көп отыратын стадионның батыс беткейіндегі сектор екенін есептер болсақ, ол жердің жалдық құны да қанша болатынын өзіңіз есептей беріңіз.

20140524_185419

Орталық стадион әкімшілігі жанкүйерлердің футбол ойынын тамашалауға жағдай жасауы қажет секілді еді. Мына сауда нүктесі керісінше әсер қалдырды. Қазынаны толтырудың басқа да тәсілдері бар емес пе? Халықаралық тәжірбеиеде сауда орындары алаңның сырт жағында орналастын секілді еді. Тіпті, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деуге де болады. Саудагер де, стадион әкімшілігі де осылайша жаңалық ашқысы келгендей.